ruenkz

Аэронавигация жөніндегі үйлестіру комиссиясының 20-отырысы

Салынған уақыты 28.11.2019 14:31

2019 жылғы 19-21 қарашада Мәскеу қаласында Мемлекетаралық авиация комитетінің аэронавигация жөніндегі үйлестіру комиссиясының  20-отырысы өтті.

Отырысқа аэронавигациялық жабдықты өндіру және жеткізу, сондай-ақ авиация персоналын даярлау саласындағы қызметті жүзеге асыратын аэронавигациялық ұйымдар мен авиациялық кәсіпорындардың 130-дан астам өкілдері, азаматтық авиацияның ғылыми-зерттеу институттары қатысты.

Отырысқа қатысушылар авиациялық қауіпсіздікті арттыруға, әуе кемелерінің метеорологиялық тұрғыдан ұшу қауіпсіздігін, ААБ (AIM) енгізу жағдайында аэронавигациялық ақпараттың сапасын арттыруға, ӘҚҰ жүйесінің киберқауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты сұрақтардың ауқымды шоғырын және басқа да өзекті мәселелерді қарады.

Сондай-ақ, тақырыптық кездесулер, ғарыштық гидрометеорология мәселелерімен айналысатын «Планета» ғылыми-зерттеу орталығының қызметімен танысу ұйымдастырылды.

ААК қорытынды шешімі отырыстың басқа материалдарымен бірге Мемлекетаралық авиациялық комитеттің ресми сайтында орналастырылатын болады.

3753