«Қазаэронавигация» РМК ИАТА «Wings of Change Europe» жыл сайынғы конференциясына қатысты
Салынған уақыты 27.11.2019 14:24
2019 жылғы 19-20 қараша аралығында Берлин қаласында (Германия) ИАТА «Wings of Change Europe» жыл сайынғы екінші конференциясы өткізілді.
Оған негізгі авиатасымалдаушылар, Еуропа мен ТМД елдерінің мемлекеттік авиациялық билік өкілдері қатысты.
Конференция Еуропадағы басты авиациялық іс-шара болып табылады, оның шеңберінде көлік және инфрақұрылым министрлері, Еуропалық Одақ өкілдері, авиациялық индустрияның әртүрлі салаларының атқарушы директорлары мен сарапшылары қазіргі және болашақ әуе көлігіне қатысты пікірталастар мен жарыссөздерге қатысты.
Конференцияның күн тәртібіндегі басты тақырыптар: тұрақты даму, ұшу қауіпсіздігі және авиациялық қауіпсіздік, бәсекеге қабілеттілік, инновация және адами капитал болды.
ИАТА бас экономисі келесі 20 жыл ішінде тасымалданған жолаушылар санының 2 есеге өсуі әлемдік деңгейде болжанып отырғандығын айтты.
Сұхбат барысында авиакомпаниялардың бірінші тұлғалары (Bjorn Kjos – Norwegian Air Shuttle Президенті мен негізін қалаушы, Oana Petrescu – Blue Air бас директоры, Benjamin Smith – Air France – KLM бас атқарушы директоры, Carsten Spohr – Басқарушылар кеңесінің төрағасы - Lufthansa Group бас атқарушы директоры) авиация саласындағы жұмыс әдістері мен мүмкіндіктері туралы айтты.
Конференцияда айтылған саланың негізгі тақырыптары мен үрдістері:
- тұрақты өсу: азаматтық авиация мен мемлекеттік реттеушілер қандай стратегияны және іс-қимылды қабылдау қажет;
- жаһандық және өзгермелі әлемдік экономикадағы Еуропаның рөлі қандай?;
- көлік саласының тұрақтылығы туралы ЕО-ның жаңа пайымы;
- ортақ валюта;
- кеңфюзеляжды электрұшақтар;
- каргоатасымалдаудағы ақпараттандыру және инновациялар.
Сонымен қатар, авиакомпаниялар өкілдері мен ИАТА басшылығы салтанатты жағдайда «2025 жылға қарай 25» гендерлік балансты реттеу міндеттемесі туралы келісімге қол қойды.
3824