Тасымалдаушы – Korean Air болашаққа кезекті қадам жасады
Салынған уақыты 26.11.2019 10:40
Әлемдік авиакомпаниялар отырғызу талонын талап етпей адамдарды тану арқылы ұшаққа отырғызу технологиясын енгізуде. Бұл туралы Travel Daily Media хабарлады.
1 қарашадан бастап Атлантадан Сеулге қатынайтын Korean Air рейстерінің жолаушылары бортқа бетін сканерлегеннен кейін кіретін болады. Енді оларға отырғызу талонын көрсетпеуге де болады. Бұл рәсім жаңа технологияның арқасында қол жетімді болды, ол жолаушының бетін суретке түсіреді және оның паспортқа және отырғызу талондары туралы ақпаратқа сәйкес келетінін автоматты түрде тексереді. Авиакомпанияның хабарлауынша, қызмет жеке тұлғаны тексерудің тиімділігін арттырып, жолаушыларды отырғызу уақытын азайтып, қауіпсіздікті нығайтады.
Қазіргі уақытта Korean Air Сингапур мен Лос-Анджелестегі әуежайларда адамдарды тану жүйесін пайдалануда. Сондай-ақ, тасымалдаушы өкілдері жолаушыларды тіркеу уақытын үштен бірге қысқартуды жоспарлап отырғанын хабарлады. Ол үшін компания багажды дербес тіркеу және таңбалау дүңгіршектерінің санын арттыра бастайды. Атап айтқанда, мұндай іс-қимыл жоспары Инчхон әуежайында жүзеге асырылады.
Әлемнің көптеген авиакомпаниялары мен әуежайлары биометриялық жүйелерді енгізе бастады, олар жолаушыларға тез және отырғызу талондары мен төлқұжаттарын көрсетпей ұшақ бортына өтуге мүмкіндік береді.
3303