ruenkz

Жаңа Аэробус бәсекелестерінен несімен ерекшеленеді?

Салынған уақыты 25.11.2019 11:26

Австралиялық Jetstar авиакомпаниясы Airbus A321neo жаңа ұшағының салонын көрсетті. Лайнердің ішінде ерекше шынтақшалары бар эргономикалық креслолар және қол жүгі үшін үлкен сөрелер орнатылды. Бұл туралы News.Com жазады.

Лоукостер Airbus-тан A321neo әуе кемесінде рейстерді орындайтын әлемдегі алғашқы авиакомпаниялардың бірі болады. Ұшулар 2020 жылы басталады. Тасымалдаушы авиациялық жаңалық ашқан ұшақтың ішкі жасақталуын көрсетті. Бортта кеңістікті барынша ұлғайту үшін конустық шынтақшалары бар эргономикалық Recaro орындықтары, сондай-ақ алдыңғы үлгілерге қарағанда сөмкелер үшін 40% артық орын бар өте үлкен аспалы сөрелер орнатылған. Орындықтардың арқаларында смартфондар мен планшеттерге арналған қайырмалы лотоктар бар, ал сандық ағынды хабар тарату жолаушыларға өз құрылғыларында ұшу кезінде ойын-сауық жүйесін пайдалануға мүмкіндік береді, оларды USB порттары арқылы зарядтауға болады. Жолаушыларға әртүрлі ұшу кезеңдеріне бейімделуге түсті жарықдиодты жарық көмектеседі.

Jetstar авиакомпаниясы A321neo өз паркіндегі ең энерготиімді үлгі болады деп мәлімдеді. Ұшақ отынды аз жұмсап, авиабилеттер құны төмен деңгейде тұратындай жобаланған. Ұшақтың «жайлылық» үшін арнайы әзірленген салонында 232 жолаушы сыятын болады.

3524