«Аэрофлоттың» рейстерінде тегін интернет пайда болуы мүмкін
Салынған уақыты 22.11.2019 10:33
Ресейлік «Аэрофлот» авиакомпаниясы борттағы барлық жолаушылар үшін wi-fi желісін тегін ұсынуды жоспарлап отыр. Бұл қызмет тасымалдаушының рейстерінде 2020 жылдан бастап пайда болуы мүмкін, деп хабарлайды ТАСС.
Келесі жылы «Аэрофлот» интернетке қосылған А320пео әуе кемелерін пайдалана бастайды. Тапсырыс берілген ресейлік ұшақтарда МС-21 интернет-қосылысы да жұмыс істейтін болады. Сонымен қатар, тасымалдаушы интернетке wi-fi арқылы қосылуды қамтамасыз ететін жабдықтармен Boeing 777 үлгісіндегі қолда бар 18 лайнерді жарақтандыруды жоспарлап отыр. Кейін авиакомпания Airbus A320 (авиапаркте 81) үлгісіндегі барлық кемелерді қайта жабдықтап, оларға интернетке қосылу жүйесін орнатқысы келеді.
«Біздің жолаушылар бортта интернеттің болғанын қалайды. Клиенттерімізге жаңалықтар ленталарын онлайн қарауды ұсынбасақ та, электрондық пошта мен мессенджерлерге қолжетімділікті ұсыну қолымыздан келеді, — деп атап өтті «Аэрофлоттың» бас директорының IT жөніндегі орынбасары Кирилл Богданов. Сондай-ақ , біз жарнама берушілер есебінен борттағы тегін интернет мәселесін (мессенджерлерді пайдалану үшін ғана емес) қарастырдық. Келіссөздер жүргізу арқылы нәтижеге қол жеткіземіз деп ойлаймын».
3471