ruenkz

12 қараша – Халықаралық РТЖБП мамандары күні

Салынған уақыты 14.11.2019 14:13

Қазіргі уақытта көліктің негізгі түрлерінің бірі әуе көлігі болып табылады. Миллиондаған тасымалданған жолаушылар, миллиондаған тонна жеткізілген жүк ел экономикасын қалыптастырады және олардың дамуын айқындайды.

Авиакомпания қызметтерін пайдаланатын адамдардың көпшілігі әуе көлігі туралы тек «темір құстарды» басқаратын ұшқыштар бар екенін, аздап әуе қозғалысын басқаратын және әуе трассалары мен әуеайлақтардағы ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ететін диспетчерлер туралы ғана біледі, ал  диспетчерлер мен ұшқыштарды қамтамасыз ететін мамандар туралы көбі біле бермейді.

ӘҚҚ электрондық құралдарының қауіпсіздігі жөніндегі қауымдастықтардың халықаралық федерациясы (IFATSEA) 12 қарашаны International ATSEP day - әуе қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған электрондық құралдар жөніндегі персоналдың халықаралық күні (ATSEP) болып белгіледі, РТЖБП персоналы (радиотехникалық жабдықты және байланысты пайдалану) солардың қатарына жатады.

Бұрын РТЖБП мамандары бейресми түрде Радио күнін өз мерекесі санады, бірақ қазір РТЖБП қызметкерлерінің ресми кәсіби мерекесі бар...

12 қараша - жер бетінен ұшу қауіпсіздігін және радиотехникалық жабдық пен байланыс жабдығының жұмыс істеуін қамтамасыз ететін мамандардың төл мерекесі. Олар болмаса, әуе кемелері ұшқыштарының да, диспетчерлік персоналдың да көзі көрмейді, құлағы естімейді, сөйлей алмайды деуге болады.

РТЖБП (ATSEP) мамандарының кәсіби жауапкершілігі аймағына CNS/ATM құралдары - ILS қондыру жүйесі, АРП автоматты пеленгаторлары (ADF), ПРС (NDB) келтіру радиостанциялары, D(VOR)/DME радиомаяктары, PSR/SSR бір жақты және екі жақты радиолокация радиолокаторлары, АЗН-В (ADS-B) жабдығы, ATN аэронавигациялық телекоммуникациялық желісі, AFTN авиациялық тіркелген электр байланысы желісі, VHF/HF ауқымындағы ӨЖЖ және ЖЖ байланыс құралдары, (ATMS) ӘҚБ АЖ әуе қозғалысын басқарудың автоматтандырылған жүйелері, спутниктік байланыстың жер станциялары, талшықты-оптикалық байланыс желілері, осы жабдықтарды энергиямен жабдықтау құралдары және басқа да қосалқы жабдықтардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету, оларды пайдалану және жөндеу кіреді.

Ұшақпен жолға шыққан кезде ұшқыштар мен стюардессалардан басқа жердегі мыңдаған кәсіби мамандар ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ететінін және 12 қарашада олардың кәсіби мерекесі бар екенін ұмытпаңыздар!

Ал РТЖБП мамандарына өзінің осы күрделі кәсібінде әрқашан биіктен көрінуді, кәсіби деңгейін үнемі арттырып отыруды, өз жұмысы үшін жауапкершілігінің жоғары болуын және біздің байтақ Еліміздің көк аспанында қауіпсіз ұшуды қамтамасыз ету үшін «Қазаэронавигация» РМК-ның бүкіл қызметкерлерімен бірге жасап отырған жұмыстың қаншалықты маңызды екенін түсіне білуін тілейміз!

Happy International ATSEP day!

 

 

 

6219