ruenkz

Катар әуежайында спортзал мен үлкен тропикалық бақ пайда болады

Салынған уақыты 13.11.2019 16:47

2014 жылы ашылған Хамад халықаралық әуежайына ауқымды қалпына келтіру жұмыстары жүргізілмекші. 2022 жылға қарай ірі Доха әуеайлағында жаңа терминал пайда болады, деп жазады Forbes.

Белгілі болғандай, 11 720 шаршы метр алаңда үлкен тропикалық бақ, жайлы сауда аймақтары, кафе мен мейрамханаларға арналған үй-жайлар, сондай-ақ, ғимараттың екінші қабатында орналасқан Qatar Airways Al Mourjan бизнес-лаунжы пайда болады. Сонымен қатар, аэровокзалға келушілер сауықтыру орталығына, спортзалға және бизнес-келіссөздерге арналған аймаққа бара алады.

Ұшақтарға шығатын 21 есігі бар терминал құрылысы 2020 жылы басталып, 2022 жылға қарай аяқталады. Әуеайлақ басшылығы Хамадтың өткізу қабілетін жылына 53 млн адамға дейін арттыруды жоспарлап отыр. Бүгінгі күні Хамад әуежайы Шығыстың ең ірі авиакомпаниясы — Qatar Airways үшін тіркелген порт болып табылады, сондықтан авиатасымалдаушы да әуеайлақты дамытуға мүдделі.

3649