ruenkz

Ақтау филиалында заманауи метеорологиялық жабдық орнатылды

Салынған уақыты 12.11.2019 11:50

Кәсіпорынның Инвестициялық жоспарына сәйкес Ақтау филиалының метеорологиялық қызметінде КРАМС-4 кешенді радиотехникалық әуеайлақтық метеорологиялық станциясының құрамында метеорологиялық датчиктердің резервтік жинағын орнату жобасы аяқталды.

Жаңа жабдықтың жиынтықтауына төмендегі датчиктер кіреді:

  • Көрінуді өлшегіштер (FS-11 нефелометрлері)
  • Жылдамдық датчигі (WAA151) мен жел бағытын  (WAV151), сонымен қатар температура және ауаның ылғалдылығын өлшегішті (HMP155) қамтитын AWS310 автоматты метеорологиялық станциясы.
  • CL-31 лазерлі бұлтөлшеуіштері.

         Мобильді контейнер негізгі қадағалау пунктіне орнатылды, ол жабдықтарға арналған орынжайды және қызметкерлерге арналған демалыс бөлмесін қамтиды. Электрмен жабдықтаудың сапасын арттыру және жабдықтарды үздіксіз электр қуатымен қамтамасыз ету үшін жаңа позициялар дизель-генераторлық қондырғылармен жасақталған.

Мұндай іс-шаралар филиалдың метеорологиялық қызметінің қызмет сапасын едәуір арттырды, әуе қозғалысының қауіпсіздігіне қолайлы әсер етті, авиациялық қызметті реттейтін мекемелердің барлық қажетті ұсыныстары ескерілді.

  

1502