ruenkz

Lufthansa авиакомпаниясы қол жүгі бар жолаушылар үшін жаңа тариф енгізуде

Салынған уақыты 11.11.2019 10:27

2019 жылдың 6 қарашасынан бастап Lufthansa ірі неміс авиакомпаниясы еуропалық бағыттар үшін Economy Light жаңа тарифін іске қосады. Трансатлантикалық рейстерде бұл тариф өткен жылдан бастап тестілік режимде ұсынылуда, деп жазады Simple Flying.

Белгілі болғандай, Economy Light саяхатшыларға салмағы 8 кг ғана қол жүгін  бортқа алуға рұқсат етеді. Сондай-ақ тариф үшін билеттерді қайта брондау және ақша қаражатын қайтару мүмкін емес. Тағамдар мен сусындар билет құнына енгізілген, бірақ орынды жақсарту, тіркелген багаждың нормасын қосу немесе орынды алдын ала таңдау тек қосымша ақға ғана мүмкін болады.

Жаңа тарифті Lufthansa жолаушыларымен қатар басқа авиакомпаниялардың –  SWISS және Austrian Airlines желісінің клиенттері де пайдалана алады. Сапарға тек бір рюкзак алып жүруге үйренген мобильді саяхатшылар ұшуды айтарлықтай үнемді ете алады. Үнемдеуде бір жаққа ұшу билетінің құны шамамен 30-50 еуроны құрайды. Осылайша, Lufthansa бюджеттік әуе тасымалы нарығына кіруге және еуропалық лоукостерлерге бәсекелестік жасауға тырысады.

3654