Әуе қозғалысын ұйымдастыру жүйесіне елеулі өзгерістер сәтті түрде енгізілді
Салынған уақыты 11.11.2019 10:13
2017 жылғы 7 қарашада сағат 06.00-де Қазақстан Республикасының барлық әуе кеңістігінде және әуеайлақтарында әуе қозғалысын ұйымдастыру жүйесіне елеулі өзгерістер сәтті түрде енгізілді.
Бұл өзгерістер мыналарды қамтиды:
- жоғарғы әуе кеңістігінде ӘҚҚ маршруттарында PBN енгізу және Нұр-Сұлтан әуеайлағына қонуға кіру және ұшып шығу схемасы;
- Ақтау, Атырау, Қызылорда, Шымкент, Тараздағы 5 әуеайлақта әуе кеңістігінің құрылымын өзгерту;
- көлденең эшелондаудың жаңа нормалары;
- ҚР әуе кеңістігінде өтудің бірыңғай биіктігін орнату;
- QNH қысымын пайдалану;
- жаңа өлшем бірліктері (фут, теңіз милі, узел және т. б.);
- ӘҚҚ жаңа рәсімдері.
Кәсіпорында бекітілген Т-24-ке көшу жоспарына сәйкес барлық филиалдарда ӘҚҚ персоналын және радиотехникалық құралдарды осы өзгерістерге дайындау жұмыстары жүргізілді.
1334