ruenkz

Қазақстанның азаматтық авиациясында QNH және PBN спутниктік навигация жүйелері енгізілмек

Салынған уақыты 31.10.2019 10:29

 
 
2019 жылғы 7 қарашада Қазақстан Республикасының аэронавигациялық жүйесінде мынадай елеулі өзгерістер күшіне енеді:
1.   Жоғарғы әуе кеңістігінде және Нұр-Сұлтан әуеайлағында сипаттамаларға  негізделген (PBN) навигацияны енгізу.
2.   Ауысу эшелонынан төмен ұшу кезінде әуеайлақ ауданында QNH қысымын пайдалануға көшу.
3.   Фут/теңіз милі өлшем бірліктерін пайдалануға көшу.
4.   Ауысудың 10 000 футтық бірыңғай абсолюттік биіктігін пайдалануға көшу.
5.   Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде көлденең эшелондаудың  жаңа аралықтарын (5/10 теңіз милі) қолдануға көшу.
6.   Тік бағытты шекараларды өзгерту және әуе кеңістігі құрылымының жаңа элементтерін орнату (FIR, CTA, CTR, TMA, ҰАО жауапкершілік аудандары және т.б.).
 
Осыған байланысты аэронавигациялық ақпаратты басқару департаменті төмендегі жұмысты орындады:
  • барлық әуеайлақтар бойынша әуеайлақтардың, ҰҚЖ табалдырықтарының, радионавигациялық құралдардың және жасанды кедергілердің астамдық деңгейі сияқты аэронавигациялық деректер қайта есептелген. Қайта саналған мәлімет деректер базасына енгізілген;
-  23 әуеайлақ бойынша 360 ұшу процедуралары (ұшып шығу, ұшып келу және қонуға кіру схемалары) қайта қаралды және ресімделді;
- ӘҚҚ барлық 92 дәстүрлі бағыттарының (1 мыңға жуық сегмент) параметрлерін қайта есептеу орындалды (жол бұрыштары, нүктелер арасындағы қашықтық, ұшудың ең төменгі биіктігі, тік бағытты шекаралар);
- маршруттық карта жаңартылды;
- жаңартылған аэронавигациялық деректер мен карталар Еуропалық деректер базасына (EAD) енгізілді;
- ұшу жинақтарын шығаратын және Ұшуды басқару жүйелерін жаңартуды (FMS) (Jeppesen, LIDO Flightnav, Navblue Aero) пайдаланушылар мен ұйымдардың өзгерістерін енгізу бойынша Үйлестіру.
Ауысу борттық жүйелердегі өлшем бірліктерін ауыстыру кезінде қателіктерді болдырмау үшін жүзеге асырылады.
 
   
 
- Әуе трассаларының барлық учаскелері  бойынша кедергілердің ұшып өтуінің ең төменгі абсолюттік биіктіктері (MOCA - Minimum Obstacle Clearance altitude) есептелді. Олар әуе трассалары учаскелерінде қауіпсіз төмендеу үшін арналған.
 
PBN сипаттамаларына негізделген навигацияны қолдану
 
- Мердігер ұйыммен бірлесіп, Нұр-Сұлтан әуеайлағында аймақтық навигацияның 16 ұшу процедурасы әзірленді.
- RNAV 5 аймақтық навигация бағыттары бар жаңа карта әзірленді.
- АИП құжатында жаңа ENR 3.3 Аймақтық навигация бағыттары бөлімі құрылды.
- Бағыттардағы негізгі нүктелер қайта қаралды (қосылды, өзгертілді, жойылды). Деректер базасына енгізілді.
Сипаттамаларға негізделген навигация PBN әуе кеңістігін пайдаланудың тартымдылығын және пайдалану тиімділігін арттыратын кеңістіктегі ӘК-нің орналасқан жерін анықтаудың балама әдісі ретінде қолданылады.
Әуе кеңістігінің жаңа құрылымы
- FIR ұшу ақпаратының барлық аудандары, TMA тораптық диспетчерлік аудандары қайта қаралды. ҚР барлық аумағы бойынша СТА диспетчерлік аудандары және 5 әуеайлақ бойынша CTR диспетчерлік аймақтары енгізілді.
- Ұшу ақпаратының орталықтары жарияланды, жергілікті диспетчерлік пункттер өзгертілді немесе жойылды.
- Деректер базалары мен карталардағы барлық шектеу аймақтарының тізбесі қайта қаралды.
- Көрсетілген өзгерістер Еуропалық деректер базасына (EAD) енгізілді.
- ҚР барлық аумағы бойынша жергілікті жер бедерін және жасанды объектілерді ескере отырып, градустық тордағы ең төменгі қауіпсіз биіктіктер (АМА - Area Minimum Altitude) есептеулері жүргізілді.
Әуе кеңістігін нақты құрылымдау бақыланатын және бақыланбайтын әуе кеңістігін икемді пайдалануға ықпал етеді және әуе қозғалысын басқару процестерін оңтайландырады.
   
 
Ілеспе іс-шаралар
- Ұшу қағидалары (ENR1.1 – 1.8) және АИП құжатындағы ағылшын тіліне аудармасы бар басқа бөлімдер жаңартылды.
- ӘҚҚ барлық маршруттары сегменттерінің ортодромдық арақашықтығы есептелген.
- Күтпеген жағдайлар кезінде ӘҚҚ бойынша іс-шаралар жоспары жаңартылды.
- Диспетчерді ӘК төмендегені туралы автоматты түрде хабардар ету үшін (MSAW – minimum safe altitude warning) әуеайлақ ауданындағы жасанды кедергілерді ескере отырып, жергілікті жер бедерінің абсолюттік биіктіктері есептеледі.
 

7712