Британдық Азаматтық авиация агенттігі өкілдерінің жұмыс сапары
Салынған уақыты 28.10.2019 14:19
24 қазанда Британдық Азаматтық авиация агенттігі (UKCAAi) мен Қазақстанның авиациялық әкімшілігі мамандары «Қазаэронавигация» РМК-ға жұмыс сапарымен барды.
Сапар әуе қозғалысын ұйымдастырудың Орталық-Қазақстан өңірлік орталығын аралаудан басталды, онда британдық мамандар өңірлік орталықтың жұмысымен танысты.
Сондай-ақ, «Қазаэронавигация» РМК әкімшілік ғимаратында кәсіпорын басшылығы мен оның құрылымдық бөлімшелерінің қатысуымен жұмыс кеңесі өткізілді.
Кеңес барысында «Қазаэронавигация» РМК бас директоры А.Ғ. Бектұров кәсіпорынның ағымдағы қызметінің нәтижелері және оның алдағы жылдардағы даму перспективалары туралы баяндады.
Ағымдағы жылдың 7 қазанында Лондонда Халықаралық Азаматтық авиация агенттігі (CAAi) мен Қазақстанның авиациялық әкімшілігі арасында азаматтық авиацияны реттеудің британдық моделіне көшу бойынша техникалық қолдау көрсету туралы шарт жасалғанын атап өту қажет.
Қазір британдық мамандар отандық әріптестерімен бірлесіп, азаматтық авиация саласының халықаралық стандарттарға сәйкестігіне заңнамалық шолу жүргізе бастады.
Бұл үшін авиациялық әкімшілік қызметінің әртүрлі бағыттары (ұшу кезінде пайдалану, ұшу жарамдылығы, әуеайлақтар және жердегі қызмет көрсету, аэронавигация, авиациялық қауіпсіздік, авиациялық заңнама, авиаперсоналмен жұмыс істеу) бойынша шетелдік және отандық сарапшылардан тұратын бірлескен жобалау тобы құрылды.
Жобалау тобының құрамында Питер Гриффитс – «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ бас директоры, Роб Ерскайн – UKCAAi Азия – Тынық мұхиты аймағы бойынша халықаралық операциялар жетекшісі, Грэмхэм Уилер – UKCAAi халықаралық техникалық ресурсының жетекшісі, Дэн Эдвардс – UKCAAi аға саяси талдаушысы, сондай-ақ Азаматтық авиация комитетінің және Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің мамандары бар.
4688