Сарапшылар қандай елдерде ең ескі және қауіпсіз ұшақтар ұшатынын анықтады
Салынған уақыты 25.10.2019 11:14
Авиасараптаушылар әлемнің ең қауіпті авиакомпанияларын атады. Олардың қатарында Непал, Бангладеш және Тайланд елдерінің тасымалдаушылары бар. Бұл жөнінде Buying Business Travel жазады.
Airlineratings мамандандырылған сайтының сарапшылары әлемнің 250 авиакомпаниясының қауіпсіздігін бағалады және олардың әрқайсысына жұлдыздар берді. Олар неғұрлым көп болса, тасымалдаушы соғұрлым қауіпсіз болады. Ең жоғары баға алу үшін компаниялардың IOSA Әуе көлігінің халықаралық қауымдастығының расталған сертификаты және еуропалық және американдық әуе кеңістігінде ұшуға рұқсаты болуы, соңғы 10 жылда адам өліміне байланысты оқиғалар болмауы, 1990 жылға дейін жасап шығарылған ұшақтарды пайдаланбауы және, тиісінше, Халықаралық азаматтық авиация ұйымы барлық қауіпсіздік талаптарына сай болуы қажет.
Нәтижесінде, қауіпсіздік рейтингісінде 1 жұлдыз ғана алған Nepal Airlines (Непал) авиакомпаниясының жолаушылары өз өмірінің қауіпсіздігі үшін көп алаңдағаны дұрыс. Бангладештегі US-Bangla Airlines, Суринамнан Blue Wing және Папуа-Жаңа Гвинея Airlines PNG сияқты тасымалдаушылардың жетістіктері екі жұлдызбен ғана шектелді. Барлық аталған компаниялар соңғы 10 жылда жолаушылар қаза тапқан авиаиоқиғалармен "көзге түскен". Сонымен қатар, олар жаңа флотымен мақтана алмайды. Сондай-ақ, Kam Air (Ауғанстан), Iraqi Airways (Ирак), Ariana Afghan Airlines (Ауғанстан) және екі тайлық Nok Air және AirAsia Thailand авиакомпаниялары да қауіптілердің қатарына кірді.
3706