ruenkz

Эйр Астана IOSA-ның жетінші аудитінен өтті

Салынған уақыты 24.10.2019 16:08

Авиакомпания Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының (IATA) IOSA пайдалану қауіпсіздігі бойынша жетінші аудитінен (IATA Operational Safety Audit)  сәтті өтті. Бұл туралы Kapital.kz іскерлік ақпарат орталығына авиакомпанияның баспасөз қызметі хабарлады.

IOSA пайдалану қауіпсіздігі бойынша аудиті авиакомпанияларда өндірісті бақылау және басқару жүйелерін бағалау үшін әзірленген халықаралық танылған танымал тексеру жүйесі. IOSA бағдарламасы Халықаралық азаматтық авиация туралы БҰҰ Конвенциясына қосымшалардан ИКАО қауіпсіздігінің барлық қолданылатын талаптарын қабылдайды.

Аудит кезінде құжаттама мен IOSA-ның мыңдаған стандарттарының орындалуы компания қызметінің барлық салаларында расталды. Оларға ұйымның және басқарудың корпоративтік жүйелері, ұшуларды орындау, ұшуларды басқару және диспетчерлік қызмет, ӘК техникалық қызмет көрсету, борттық қызмет көрсету, ӘК жерде қызмет көрсету, жүктермен операциялар және авиациялық қауіпсіздік жатады. Келесі аудит 2021 жылға жоспарланған.

4197