ruenkz

"Уральские авиалинии" Екатеринбург-Алматы рейсін іске қоспақ

Салынған уақыты 24.10.2019 11:06

Tourister порталының хабарлауынша, "Уральские авиалинии" ресейлік әуе тасымалдаушысы 22 желтоқсанда Екатеринбург — Алматы бағытында жаңа ұшу желісін ашады.

Ұшулар аптасына екі рет — жұма және жексенбі күндері орындалатын болады. Желіде "Эйрбас" A320 әуе кемесі жұмыс істейді. Жолдағы уақыт - үш сағатқа жуық.

"Кольцово" Екатеринбург әуежайының баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұған дейін осы бағыт бойынша тікелей рейстер болған жоқ.

 

1159