Hyundai ұшатын такси жасап шығаруды қолға алмақ
Салынған уақыты 22.10.2019 11:11
Hyundai компаниясы қалалық ұшу аппараттарына арнаған технологияны әзірлеумен айналысатын Urban Air Mobility бөлімін құрды. Перспективалы әуе көлік құралдарын әзірлеумен Urban Air Mobility арнайы бөлімшесі айналысатын болады. Жобаны қаржыландыру көлемі әлі анықталған жоқ деп жазады vestifinance.ru.
Хабарламада айтылғандай, құрылған бөлімше оңтүстік кореялық автомобиль өндірушіні қалалық әуе тасымалы нарығында көшбасшы ете алатын негізгі технологияларды жасаумен айналысатын болады. Hyundai болжамына сәйкес бұл нарықтың ауқымы алдағы 20 жылда 1,5 триллион долларға жетеді. Жоба әлемдегі ірі қалалардағы үлкен трафик мәселесін шешуге бағытталған.
Hyundai осы саладағы бәсекелестерімен - Uber, Airbus және Boeing-пен бетпе-бет келуге мәжбүр болады. Uber де, Boeing те келер жылдың басында пилоттық және тіпті коммерциялық аэротакси дрондарымен ұшуды жоспарлап отыр. Ал голландиялық PAL-V компаниясы өзінің ұшатын көлік үлгілерін сатуға алғашқы болып рұқсат алды, оларды әуеде де, жерде де пайдалануға болады. Автокөліктердің құны тиісінше 600 мың және 400 мың долларды құрайды, бұл ұшу аппараттарына белгіленген 200-600 мың доллары мөлшеріндегі болжамды бағаға сәйкес келіп отыр.
3759