Франкфурт әуежайында жолаушыларға көмек көрсететін роботтар пайда болды
Салынған уақыты 21.10.2019 12:03
Франкфурт әуежайында автономды роботтар пайда болды. Терминалда жолаушыларға көмектесетін инновациялық электронды құрылғылар іске қосылды деп хабарлайды Simple Flying.
Жаңа робот YAPE деген атқа ие болды, ағылшын тілінен ол «Сіздің офлайн экспресс пони» деп аударылады. Ол әуежайда жолаушылармен бірге жүреді, қалаған жерге апаратын жолды көрсетеді, сонымен қатар рюкзак немесе чемодан сияқты жүк заттарын алып жүреді. Жүк салмағы 30 кг аспауы керек. Ақылды көліктің жылдамдығы сағатына 6 км құрайды, бұл адамдармен соқтығысып қалмау үшін ойластырылған.
Әуежай басшылығы YAPE қонуға барар жолда немесе инспекциялық аймақта адасып жүрген туристерге көмектеседі деп ойлайды. Бірінші электронды құрылғы бар болғаны бес күн тестілік режимде жұмыс істеді. Сондықтан бұл қызметті барлық адамдар пайдалана алмады. YAPE-ның қызметін пайдалану үшін саяхатшының смартфоны болуы керек.
Соңғы жылдары робототехника әлемдегі ең үлкен әуежайларда жиі қолданыла бастады. Токио Нарита әуежайында 2020 жылғы Олимпиада ойындары кезінде терминалдарды полиция роботтары күзететін болды, ал Лондондағы Гатвикте көлік тұрағы жұмыс істейді.
3934