Келесі жылы жаңа тасымалдаушы - тайваньдық Starlux Airlines авиакомпаниясы жұмыс істеп бастамақ
Салынған уақыты 18.10.2019 11:19
2020 жылдың қаңтарында жаңа Starlux Airlines авиакомпаниясы алғашқы рейстерін орындай бастайды. Жолаушыларды тасымалдауға лицензия алынды, қазіргі уақытта әуе кемелерін жеткізу күтілуде. Бұл туралы тасымалдаушының ресми сайтында хабарланады.
Starlux Airlines авиакомпаниясының флоты мына Airbus ұшақтары - A350-1000 модификациялы 12 ұшақ, A350-900 бес әуе кемесі және A321neo Аэробус он авиалайнерлерімен жасақталатын болады. Өткен аптада авиакомпания экипаждың униформасы мен ұшақ салонының дизайнын таныстырды. STARLUX A321neo орындықтарын BMW Designworks студиясы жобалаған. Экономкласс креслолары табиғи түстермен, сондай-ақ ультра жіңішке арқаларымен ерекшеленеді. Дербес мультимедиалық жүйе әрбір креслоға орнатылған. Клиенттерге тегін WiFi ұсынылады.
Арнайы тасымалдаушы үшін «Әуедегі пана» бірегей иіссуы жасалды деп хабарлайды. Тері, ағаш, ирис және күлгін ноталарынан тұратын парфюмерлік композиция жолаушыларға ұшу кезінде жағымды әсерді көбірек алуға көмектеседі. Фирмалық хош иіс каюта, күту залдарында және тіркеу орындарында қолданылады. Алғашқы рейстер Тайбэйден Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азия қалаларына орындалатын болады.
3670