ruenkz

Қазақстан ұшу қауіпсіздігінің еуропалық стандартына көшеді

Салынған уақыты 17.10.2019 15:14

Халықаралық азаматтық авиация агенттігі (CAAi) мен Қазақстанның авиациялық әкімшілігі азаматтық авиацияны реттеудің британдық үлгісіне көшу бойынша техникалық қолдау көрсету туралы шарт жасасты. Бұл туралы Kapital.kz іскерлік ақпарат агенттігіне ведомствоның баспасөз қызметі  хабарлады.

Алдағы 12 ай ішінде Ұлыбританияның Азаматтық авиация агенттігінің (UK CAA) реттеу жөніндегі сарапшылар Қазақстанның авиациялық әкімшілігіне қолдау көрсетеді және Қазақстандағы заңнаманы талдап, EASA/ЕО ережелерін одан әрі енгізу және оларды Ұлыбританияның Азаматтық авиация агенттігінің моделімен келісу жолдарын ұсынатын болады. Екінші жұмыс процесі Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің ұйымдық құрылымына арналып, UK CAA үлгісіне сәйкес ұсыныстар береді.

«Біз Қазақстандағы әріптестерімізбен ынтымақтастық қарым-қатынас орнатқанымызға қуаныштымыз және біздің команда Қазақстанның авиациялық әкімшілігін  толық қолдауға ниетті. Нормативтік-құқықтық базаны жаңарту қадағалау үшін қажетті негіз құруға, Қазақстанға авиациядан түсетін әлеуметтік-экономикалық пайданы арттыруға мүмкіндік береді», - деді келісімшартқа қол қойылғаннан кейін CAAi Халықаралық даму бөлімінің басшысы Матиас Смит.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұловтың айтуынша, осы ұйымның негізгі қызметі авиакомпаниялар мен әуе кемелерін техникалық бақылау және қадағалау, ИКАО стандарттарына сәйкес персоналды оқыту болады.

Жобаның бірінші кезеңі 2019 жылдың қазан айында басталады. Екінші кезеңде бес жылдық стратегиялық және экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ететін жоспар әзірлеу қарастырылатын болады деп күтілуде.

 

4292