Мәскеу-Нұр-Сұлтан рейстерін орындауға бес ресейлік авиакомпания өтінім берді
Салынған уақыты 16.10.2019 16:27
Ресейлік S7, Utair, Red Wings және Nordwind Airlines авиатасымалдаушылары Мәскеу - Нұр-Сұлтан бағыты бойынша ұшуға Росавиациядан рұқсат алуға өтінім берді. «Интерфакстың» РФ Көлік министрлігі жанындағы ведомствоаралық комиссия отырысының материалдарына сілтеме жасап айтқан мәліметі бойынша енді кестеде апта сайын ұшатын 7 рейске дейін пайда болуы мүмкін.
Бүгінгі таңда, үкіметаралық келісімге сәйкес, Мәскеу - Нұр-Сұлтан және Мәскеу-Алматы бағыттарына тек «Аэрофлот» және Air Astana авиакомпаниялары қызмет көрсетеді. Көптеген келісімдердің нәтижесінде екі ел Мәскеу - Нұр-Сұлтан бағытында әрбір мемлекеттен бір-бірден тағы екі авиатасымалдаушыны ұшуға жіберу қажеттілігі туралы қорытындыға келді. SCAT авиакомпаниясы Қазақстан тарапынан рейстерді жүзеге асыруға кірісті. РФ Көлік министрлігі екінші тасымалдаушыны әлі таңдаған жоқ.
Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтанға Ресейдің бірнеше қалаларынан ұшуға болады: Мәскеу, Санкт-Петербург, Қазан, Минеральные воды, Екатеринбург, Тюмень, Омск, Новосибирск. Маршруттық желіні кеңейту туралы әзірге ақпарат жоқ.
3727