ruenkz

Пекинде әлемдегі ең ірі әуежай ашылды

Салынған уақыты 16.10.2019 11:34

25 қыркүйекте Қытайда әлемдегі ең үлкен халықаралық әуежай ашылды. «Дасин» Пекин авиаайлақ белгіленген мерзімнен бес күн бұрын іске қосылды, деп хабарлайды РИА Новости. Салтанатты ашылу рәсіміне ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин қатысты. Ол аэровокзалды пайдалануды бастауға рұқсат берді.

Жаңа әуежайда SkyTeam альянсының авиакомпанияларына қызмет көрсетіледі. Авиаайлақтың бас жалдаушысы Қытай авиатасымалдаушысы China Southern болады.

Ерекше дизайн мен сәулет формасы үшін аэровокзал «теңіз жұлдызы» деп аталды. Ғимараттың ауданы 700 мың шаршы метрден асады. Бұл Қытай авиациясының тарихындағы ең қымбат жоба болды — құрылыстың барлық кезеңінде инвестиция көлемі шамамен 11,7 млрд долларды құрайды. Әуежай толық қуатпен жұмыс істей бастағанда, ол жыл сайын 100 млн астам жолаушыға қызмет көрсете алады.

«Дасина» басшылығы авиаайлақта тек жоғары технологиялық қызметтер көрсететініне уәде берді. Жақын арада бұл жерде клиенттерге қызмет көрсететін роботтар пайда болады — олар жолаушыларға ұшып шығатын және ұшып келетін рейстер туралы жаңартылған ақпаратты хабарлау үшін терминалдарда қозғалатын болады.

3514