Түрік авиакомпанияларының рейстерінде жай киінген полицейлер бірге ілесіп жүретін болады
Салынған уақыты 15.10.2019 11:11
2019 жылдың 1 қазанынан бастап түрік авиакомпанияларының барлық рейстерінде жай киінген полиция қызметкерлері бірге ілесіп жүретін болады. Бұл туралы Түркия ІІМ өкілінен алынған ақпаратқа сілтеме жасай отырып, "РИА Новости" хабарлады. Олар борттағы қауіпсіздікті қадағалайды және кез келген әуе кемесін басқаруға қол сұғу әрекеттерінің алдын алатын болады.
Құқық қорғау органдарында бес жылдан астам жұмыс істеген адамдар ғана «әуе полициясы» бола алады. Олар қарапайым жолаушылар сияқты көрінуі керек, ал қызметшілердің жеке басы құпия болып қалады. Әуе кемесінің экипажымен полиция қызметкерлері байланыспайды. Құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне билеттерді, қару-жарақ пен оқ-дәрілер үшін арнайы рұқсаттарды авиакомпания береді.
Бұл туралы Resmi Gazete ресми басылымында жарияланған «әуе полицейлеріне» қойылатын талаптар мен оларды тағайындау тәртібін реттейтін тиісті өкімде айтылған.
3564