ruenkz

FlyArystan лоукостері Қазақстаннан Мәскеуге ұшатын болады

Салынған уақыты 14.10.2019 10:36

FlyArystan  бюджеттік әуетасымалдаушы желтоқсан айының ортасынан бастап Нұр-Сұлтаннан Мәскеуге («Жуковский») ұша бастайды.
Сонымен қатар, жақында қазақстандық лоукостер Ақтөбе мен Қарағанды қалаларынан Мәскеуге рейстер ашуды көздеп отыр, деп хабарлайды Туристер.
FlyArystan авиакомпаниясы Air Astana бюджеттік бөлімшесі болып табылады. 2020 жылдың соңына қарай лоукостер рейстер санын күніне 80-ге дейін арттырып, авиапаркті 10 ұшаққа дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр.
Осының барлығы маршрут желісін бес есе кеңейтуге мүмкіндік береді.

1247