"Международные авиалинии Украины" авиакомпаниясы Қазақстаннан кетпекші
Салынған уақыты 11.10.2019 14:27
"Международные авиалинии Украины" авиакомпаниясы (МАУ) Ресейді айналып ұшу қажеттігіне байланысты тиімсіз болған Киевтен Алматыға ұшатын рейстен бас тартуға мәжбүр болды. Бұл туралы "Страна" интернет басылымы хабарлайды.
Ресейдің әуе кеңістігін пайдалануға тыйым салынуға байланысты Киев-Алматы рейсінің ұзақтығы 5 сағат 20 минуттан 6 сағат 35 минутқа дейін өсті, сондықтан рейс тиімсіз болды. МАУ президенті Евгений Дыхненің айтуынша, бұл рейс бойынша компания шығыны жеті миллион доллардан асқан.
Бұл украиндық тасымалдаушы Ресейді айналып ұшу қажеттігіне байланысты Қазақстанға ұшудан бас тартып отырған екінші рейс. 2018 жылдың желтоқсан айында ел астанасы Нұр-Сұлтан қаласына ұшатын рейс тоқтатылған болатын.
3588