ruenkz

Qazaq Air 2019 жылдың соңында Нұр-Сұлтанға көшеді

Салынған уақыты 09.10.2019 10:26

Қазақстанның Qazaq Air аймақтық авиакомпаниясы 2019 жылдың соңына дейін барлық әуе кемелерін өз бастауын алған Алматы әуежайынан астаналық әуеайлақ Нұр-Сұлтан әуежайына ауыстыратын болады, деп хабарлады Ato.ru.

Әуе кемелерінің Нұр-Сұлтанда орналасуы авиакомпанияға флотты кәдеге жарату тиімділігін арттыруға, сондай-ақ ұшу экипаждарының жұмысын оңтайландыруға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, бұл тасымалдаушыға даму үшін қосымша мүмкіндіктер береді – ол код-шерингтік келісімдер шеңберінде басқа авиакомпаниялармен өзара іс-қимылды дамыта алады. Авиакомпанияның штаб-пәтері 2020 жылдың басында Қазақстан астанасына көшіріледі. 

Нұр-Сұлтандағы база Qazaq Air-дің бірқатар бағыттарын оңтайландыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, базалық әуежайды ауыстыру Qazaq Air жолаушылар ағынының артуына және авиабилеттер бағасының төмендеуіне әкеледі деп күтілуде.

 

3781