ruenkz

Түрік Pegasus Airlines қырғыз Air Manasтағы өз үлесін сатады

Салынған уақыты 07.10.2019 14:57

Түрік лоукостері Pegasus Airlines жеке қырғыз тасымалдаушысы Air Manasтағы өзінің 49% акциясын сатады. Тиісті шешімді Pegasus Airlines директорлар кеңесі 12 қыркүйекте қабылдады. Бұл ақпаратты ATO.ru растады.

Сол күні Pegasus Airlines Солтүстік Ирландияда, Белфастта 2018 жылғы  8 қаңтарда тіркелген Aviatrade Corp. LP компаниясымен Air Manasтағы өз үлесін сату туралы келісім жасады. AviaTrade Corp. LP құрылтайшылары болып Александр Беловол мен Ampersand Group LTD компаниясы (Сейшел аралдарында тіркелген) есептеледі.

4562