Атырау филиалында «Тіл тағдыры – халық тағдыры» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді
Салынған уақыты 01.10.2019 15:52
«Қазаэронавигация» РМК Атырау филиалында әңгіме-диспут, ойын арқылы Тілдер күні мерекесі қарсаңында «Тіл тағдыры – халық тағдыры» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді.
Бұл шараның басты мақсаты–елімізді мекендейтін түрлі ұлттар тілдерінің көркемдігін, әсемдігін, ерекшелігін және тіл арқылы Қазақстан халықтары отбасының бірлігін көрсете білу. Дөңгелек үстелге филиалдың қызметкерлері мен қызмет - бөлім бастықтары қатысты. Қазақстанда тілдерді дамытудың көкейтесті мәселесі бойынша шағын әңгіме-диспут өткізілді. Дөңгелек үстелдің екінші бөлігінде қатысушылардың тілдерді меңгерудің білім сапасын айқындау үшін конкурс-ойындары өтті. Мұнда оларға тіл туралы мақал-мәтелдерді есіне түсіру мүмкіндігі берілді, ҚР-ның рәміздері туралы «Бәйге» конкурсына қатысты, тіл туралы әр түрлі ребустарды шеше білді және тағы басқа ойындарға қатысты.
Абайдың 175 жылдығының құрметіне челлендж Атырау филиалында да жалғасын тапты, әңгімелесу барысында қатысушылар ұлы ақынның өлеңдерін оқыды, әндерін шырқады.
Сонымен қатар, мемлекеттік тілдің сапалы қолданысы, тілдің үш тұғырлығы жөнінде мәселе көтерілді, олардың филиалдағы жүзеге асыру жолдары туралы айтылып кетті. Дөңгелек үстелдің қорытынды бөлімінде мемлекеттік тілді еркін меңгерген және лауазымдық міндеттерін орындау кезінде қолданып отырған, тілдің дамуына үлес қосқандары үшін метеорологиялық қызмет бастығы А.М. Рахметова, кадрлар жөніндегі инспектор М.С.Қабдешова дипломдармен марапатталды.
Халық даналығы айтқандай, басқа тілді меңгеру–екінші ғұмырға бет бұру. Тілдің тіршілік етуі - оның қалай қолданылатына байланысты. Әр тілдің маңызы зор, сондықтан өз ана тіліңізді әлемдегі ең бағалы нәрсе ретінде сақтаңыздар!
1268