ruenkz

Ұшақпен тіл табысуды қалай және қайдан үйрену керек

Салынған уақыты 16.09.2019 10:54

Авиадиспетчер болу – менің бала кезден бергі арманым.
Барлығы мені  бала күнімде әкемнің  Байсерке әуеайлағына алып келген күннен басталды. Сол жерде маған Ан 2, яғни «кукурузник» қатты әсер қалдырды. Кукурузник жолақпен жай жүріп келді де, бірден көкке көтерілді, сол сәтте мен аспанға ғашық болдым! Әкем мені қолымнан жетектеп алды да, ұшақтардың қалай және неге ұшатыныны жайлы қызықты әнгімелер айта бастады. Бірақ менің аңғарғыш бала көңілім соқайып жалғыз тұрған ғимаратқа қарай ауды.
Бұл әуеайлақ мұнарасы еді. Әкемнен жоғарыға көтерілуге бола ма деп сұрап едім, ол басын изеп, мұнараға қарай бұрылды. Мұнарада мені авиадиспетчер аға қарсы алды. Ол күлімсіреп тұрып, әуе кеңістігін реттейтінін айтты. Біздің диалогымызға рация араласты, онда пилот әлдебір мәліметті айтып жатты. Сол кезде бәрі өз орнына келді, мен ұшақпен қалай тіл табысу керектігін үйренуді армандай бастадым.
 Арада көп жылдар өтті. 2 жоғары авиациялық білімім мен 2 жылдық жұмыс тәжірибем бар. Бірақ, әдетте біз бала күнгі арманымызды  ұмытып кетеміз...
Мен оңай жолды іздейтіндер қатарынан емеспін. Бәрін ысырып қойып, тағы кәсіби даярлық туралы ақпаратты іздей бастадым. Мен ақпаратты «Қазаэронавигация» РМК сайтынан таптым. Содан кейін сауалнама толтырып, менің кандидатурамды қарау жөнінде өтініш қалдырдым.
 Бірнеше апта өткеннен кейін маған хабарласып, келесі кезең туралы айтты, содан кейін мені еліміздің астанасы Нұр-Сұлтан қаласына интервьюге шақырды. Енді, міне, бірнеше ай өткен соң, 8 адамнан тұратын топ болып біз бастапқы даярлықты бастап кеттік.
3 ай өткен соң біз базалық даярлық курсын аяқтап, Әуеайлақ курсына кірістік.
Менің арманым орындалды!
Рахмет, «Қазаэронавигация» РМК!!
 

1545