ruenkz

Таяу арада Еуропада арзан авиабилеттер болмайды

Салынған уақыты 12.09.2019 11:09

ЕО елдерінде арзан авиабилеттер жоғалады. Бұған себеп климатты қорғау туралы жаңа заң. Бұл туралы FVW жазады.
Германия билігі қосымша алымдарды енгізуді қолдайды, олар бюджеттік рейстерге де қолданылатын болады.
Депутаттардың пікірінше, Еуропада әуе ұшуларының баға белгілеу жүйесі стандартталуы тиіс. Және қосымша қлиматтық алымды, бірінші кезекте, 50 еуродан төмен билеттері бар лоукостерлер төлейтін болады.
Шілде айында Франция билігі 2020 жылдың басынан бастап авибилеттерге экологиялық салықты енгізуді жоспарлап отырғанын жариялады. Билет түрі мен қызмет көрсету класына байланысты алым сомасы 1,50-ден 18 еуроға дейін болады.
2021 жылдан бастап экологиялық салықты енгізу жөніндегі жоспары туралы Нидерланды үкіметі да мәлімдеді.
Жергілікті билік елден ұшып шығатын рейске 7 еуро қосымша төлемді қосатыны туралы айтады.
Швецияда 2018 жылдан бастап авиабилеттерді сату кезінде экологиялық алым қолданылады. Ол белгіленген жеріне байланысты 6-дан 39 еуроға дейін.

1275