МАКС-2019 авиасалонында Boeing және Airbus компанияларының ресейлік жаңа бәсекелесі ұсынылады
Салынған уақыты 04.09.2019 15:52
МАКС-2019 халықаралық авиасалонының басты оқиғасы жолаушыларға ыңғайлы МС-21 орташа магистральды жолаушылар ұшағының тұсаукесері болмақ, деп хабарлайды іс-шараның ресми сайты.
Boeing және Airbus компанияларының ресейлік бәсекелесін жасаған «Біріккен авиақұрылыс корпорациясы». Инновациялық шешімдерді және өндірістің ең заманауи технологияларын пайдалану ұшақты өз класындағы лайнерлер арасында үздік техникалық сипаттамаларға ие ұшақ етті. Ресейлік авиалайнердің салмағы жеңіл, ал композиттік материалдардан жасалған қанаты бәсекелестерге қарағанда ұзынырақ, бұл аэродинамиканы айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік берді. Бәсекелестердің алдында тағы бір артықшылығы: МС-21 ұшақтары көмірқышқыл газын 20-25%-ға аз (бір жолаушы креслосына есептегенде) шығарады. Шуыл деңгейі бойынша қозғалтқыштар барлық халықаралық стандарттарға сәйкес келеді.
Бүгінгі күні 165 жолаушыға есептелген МС-21-200 екі үлгісі және 211 адамға есептелген МС-21-300 әзірленді. МАКС-2019 авиасалоны аясында МС-21 ұшағының үш үлгісі көрсетіледі. Орташа магистральды авиалайнерлерді статикалық тұрақта да, ұшу кезінде де көруге болады.
1333