"Қазаэронавигация" РМК қызметкерлері үшін ұйымдастырылған тимбилдинг
Салынған уақыты 02.09.2019 11:46
Конституция күні қарсаңында "Қазаэронавигация" РМК орталық аппаратының қызметкерлері үшін "Балқарағай" демалыс аймағында корпоративтік тимбилдинг ұйымдастырылды.
Тимбилдинг бірқатар корпоративтік міндеттерді шешуге мүмкіндік береді:
* бейресми қарым-қатынас атмосферасын құру;
* команданы қалыптастыруға көмектесу;
• жаңа қызметкерлердің бейімделу уақытын қысқарту;
* көшбасшыларды анықтау;
* командаларды біріктіру;
* қызметкерлердің компанияға адалдығын арттыру;
* командалық рух пен командада жұмыс істей білу қабілетін арттыру.
Тимбилдинг - тек пайдалы және қажетті шара ғана емес, бұл - көңілді іс-шара.
Кәсіпорын қызметкерлері тығыз қарым-қатынас атмосферасына кіріп, жақсы көңіл-күйге бөленді, керемет әсер мен ерекше күш-қуат алып, қойылған мақсаттарға жету үшін бірлесіп жұмыс жасауда мол тәжірибе жинақтады.
1235