Әлеуметтік қорғалу – ертеңгі күнге деген сенім
Салынған уақыты 29.08.2019 15:40
«Жол картасы» жоспарын іске асыру шеңберінде Қостанай филиалында 28 тамызда филиал ұжымы мен құрамына әлеуметтік сала мекемелері: Еңбек комитетінің департаменті, «БЖЗҚ» АҚ және Медициналық сақтандыру қорының өкілдері кіретін жұмыс тобының кездесуі ұйымдастырылды.
Жұмыс тобы әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіндегі өзгерістер туралы, оның ішінде міндетті әлеуметтік сақтандырудағы жаңалықтар туралы ақпарат берді.
Кездесу соңында қызметкерлер жұмыс тобының өкілдеріне өздерін мазалаған сұрақтарын қойып, толыққанды жауаптарын алды. Сұрақтардың басым көпшілігі Медициналық сақтандыру қорына қатысты болды.
1347