Қытайдың оңтүстік-батысында «Бұлт арасындағы әуежай» рейстер қабылдай бастады
Салынған уақыты 28.08.2019 16:43
Қытайдың оңтүстік-батысында орналасқан Чунцин қаласында биік тауда әуежай ашылды, деп хабарлайды Синьхуа ақпараттық агенттігі. Жаңа аэровокзал теңіз деңгейінен 1170 метр биіктікте, ал биік тауда бұлттылықты жиі байқауға болады. «Ушаняның» осылай ерекше орналасуының арқасында қала тұрғындары оны «Бұлт арасындағы әуе қақпасы» немесе «Бұлт арасындағы әуежай» деп атап кеткен.
Әуежайға қонған алғашқы ұшақ China Express Airlines авиакомпаниясының лайнері болды. Оның қонуы әуеайлақтың ресми ашылуын білдірді.
Жаңа әуежай терминалы 3,5 мың шаршы метр, ҰҚЖ ұзындығы 2,6 мың метр. 2015 жылы басталған құрылысқа 230 млн доллардан астам қаржы жұмсалды. Билік жаңа аэровокзалдың ашылуы туризмді дамытуға және өңірдегі көліктік әуе қатынасын жақсартуға көмектеседі деп сенеді.
1304