ruenkz

Авиакомпаниялар тыйым салынған Boeing 737 MАХ лайнеріне қайтадан билет сата бастады

Салынған уақыты 27.08.2019 16:04

Кейбір шетелдік авиакомпаниялар бұрын тыйым салынған «Боинг» 737 МАХ лайнерлерін пайдалануға беруді шешті. The Times хабарлағандай, тасымалдаушылар осы лайнерлерге қайтадан билет сата бастады: 2019 жылдың соңына билеттер брондаған жолаушылар «Боинг» 737 МАХ ұшағында ұшатынын анықтады.
Бұл жерде әңгіме тыйым салынған әуе кемелерін қазан айынан бастап маршрутқа қоюды жоспарлаған TUI, United Airlines және American Airlines авиакомпаниялары туралы болып отыр.
Естеріңізге сала кетейік, «Боинг» 737 МАХ лайнерлерін пайдалану 346 адам құрбан болған Индонезия мен Эфиопия  ұшақтарының апатқа ұшырауынан кейін дүние жүзі бойынша тыйым салынған болатын. Апат әлі күнге дейін жойылмаған MCAS ұшақтарын басқару жүйесіндегі проблемаға байланысты болды.
 

1217