ruenkz

«Эйр Астана» Шереметьевоға ұшуын тоқтатады

Салынған уақыты 27.08.2019 10:26

«Эйр Астана» авиакомпаниясы өзінің Мәскеуге ұшатын рейстерін 2019 жылдың 27 қазанынан бастап Домодедово әуежайына (1-терминал)  ауыстыратыны туралы хабарлады. Рейстерді ауыстыру кесте бойынша кідіріссіз жүзеге асырылады, деп уәде берді тасымалдаушы.
Әуежайды ауыстыру Нұр-Сұлтан қаласынан да (қысқы кезеңде 11 апталық рейс), Алматы қаласынан да (қысқы кезеңде 14 апталық рейс) орындалатын ұшуларға қатысты. «Эйр Астана» авиакомпаниясының брондау жүйесі 2019 жылдың 27 қазанынан бастап орындалатын рейстер үшін осы өзгерістерді ескере отырып жаңартылды.
Ресей астанасындағы базалық әуежайды ауыстыру, ең алдымен, Домодедово әуежайы базалық авиакөлік тораптарының бірі болып табылатын S7 авиакомпаниясымен кодшерингтік келісімге қол қоюмен байланысты.
Қаланың оңтүстігіне қарай орналасқан Мәскеудің Домодедово әуежайы 2018 жылы 29,4 млн жолаушыға қызмет көрсетті. Бұл ірі авиакомпаниялар, OneWorld және Star Alliance жаһандық альянстарының мүшелері үшін базалық әуежай.
Әуежайдың «бір шатырдың астында» тұжырымдамасы халықаралық және ішкі рейстерге бір терминалда қызмет көрсетілетінін білдіреді. Бұл әуежайдың өткізу қабілетін арттырады, уақытты үнемдейді және транзиттік жолаушылар үшін өте ыңғайлы.
 

1207