Египетте авиажолаушылардан қосымша алым алынбақ
Салынған уақыты 21.08.2019 10:20
Египеттің Азаматтық авиация министрлігі авиажолаушылардан алынатын қолданыстағы алымдар көтерілетіні және жаңа алымдар қосылатыны туралы жариялады, деп хабарлайды «Туроператорлар қауымдастығының хабаршысы».
2019 жылдың 15 қарашасынан бастап Египеттен халықаралық рейстермен жөнелтілетін барлық жолаушыларға қолданылатын ұшу салығы өседі. Оның көлемі 25 долларды құрайды (бұрын — 20 доллар болған). Ішкі бағыттарда салық құны 5 долларды құрайды. Сонымен қатар, әуежайда қызмет көрсету үшін авиатасымалдаушылардан алынатын алымдар 15% - ға артады.
Жаңа алымдар да пайда болады. Мысалы, Египет әуежайларында қауіпсіздік жүйесі үшін ақы төленетін болады. Әрбір жолаушы 2 доллардан, ал Шарм-эль-Шейхте саяхатшылар 4 доллар төлейді.
Египеттің бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, жаңа алымдарды енгізуге Еуропа елдерінің Египетпен авиациялық қауіпсіздік мәселелері бойынша ынтымақтастықтан бас тартуы ықпал етті. Туристік сала сарапшыларының пікірінше, мұның себебі әдеттегі ақшалай қаражат тапшылығында. Египет қауіпсіздік бағдарламаларын қамтамасыз ету және енгізу үшін бірнеше рет алған қарызын мақсатсыз жұмсап, енді авиациялық алымдарды арттыру арқылы әуежайларды жаңартуға ақша көздеп отыр.
1290