ruenkz

Өзбекстанда әуежайларға баға саясатын дербес жүргізуге рұқсат берілді

Салынған уақыты 16.08.2019 10:47

        Президент Шавкат Мирзиеев Өзбекстанның әуежайлары енді өз қызметтері үшін ставкалар мен алымдарды дербес анықтап, белгілей алатын жарлыққа қол қойды.
        Құжатқа сәйкес, «Uzbekistan Airports» АҚ әуежай көрсететін қызметтер (резидент авиакомпаниялар үшін көрсетілетін қызметтерді қоспағанда) үшін ставкалар мен алымдарды айқындау және белгілеу құқығы беріледі.
        Бұдан басқа, әуе айлақтары әуежайдың авиациялық отыны мен жанар-жағармай материалдарын сақтау үшін қажетті инфрақұрылымды кеңейту және жаңғырту, сондай-ақ авиациялық отын мен жанар-жағармай материалдарын жеткізуге жергілікті немесе шетелдік заңды тұлғалармен конкурстық негізде шарттар, оларды елдің халықаралық әуежайларына, оның ішінде транзиттік рейстерді жүзеге асыратын жергілікті немесе шетелдік авиакомпанияларға сатуға шарттар жасасу құқығына ие болды.
         2018 жылдың қараша айында Өзбекстан президенті «Өзбекстан Республикасының азаматтық авиациясын түбегейлі жетілдіру шаралары туралы» Жарлыққа қол қойды.
            Құжатпен «Узбекистон хаво йуллари» ҰАК дирекциясының, сондай-ақ «Ұшу кешені», «Әуе қатынастарының бас агенттігі» және «Узавиатехснаб» материалдық-техникалық жабдықтау кешені» мемлекеттік унитарлық кәсіпорындарының базасында Uzbekistan Airways акционерлік қоғамын құру белгіленген.
      Сондай-ақ «Арнайы авиациялық жұмыстар авиакомпаниясы» ЖБК базасында Uzbekistan Airports акционерлік қоғамы, Uzbekistan Helicopters жауапкершілігі шектеулі қоғамы  құрылады. «Узаэронавигация» орталығы» мемлекеттік кәсіпорны Министрлер Кабинетінің қарамағына берілді.

 

1274