ruenkz

Тараз әуежайы CargoHub ретінде жұмыс істей бастайды

Салынған уақыты 13.08.2019 11:55

Тараз қаласының Әулие-Ата халықаралық әуежайы SCAT авиакомпаниясымен ынтымақтастықта жүк рейстері бағдарламасын орындау үшін тарихымызда алғаш рет Mongolian Airways Cargo авиакомпаниясының жүк ұшағын базалауға қабылдайды.
SCAT авиакомпаниясы мен Әулие-Ата әуежайының жүк тасымалын дамыту бойынша бірлескен бағдарламасын іске асыруға қосқан алғашқы тасымалдаушы Mongolian Airways Cargo ең ірі моңғол әуетасымалдаушысы болды.
Бұл электрондық коммерция тауарлары мен почта жөнелтілімдерінің көлемін біртіндеп арттыра отырып, Иран, Түркия және Батыс Қытайдан жүк тасымалдарын одан әрі дамыту жолында алға қарай бірінші үлкен қадам.
Тараз әуежайында жүк ұшағының орналасуы Тараз қаласы әуежайының базасында ірі жүк хабын құру жөніндегі жоспарды іске асыруда жаңа мүмкіндіктер ашады, бұл Қазақстан Республикасының бүкіл оңтүстік өңірінің жүк тасымалы саласындағы мүмкіндіктерін кеңейтетіні сөзсіз.
Жүк тасымалы мен логистика - бұл экономиканың күретамыры. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің, еттің және тірі малдың қолданыстағы экспортынан басқа, жүк хабын құру Қазақстан Республикасынан медициналық жабдықтар, автобөлшектер, экзотикалық өнімдер, техника, электроника және т.б. сияқты тез әрі сенімді жеткізуді талап ететін басқа да тауарлардың импорты мен экспорты үшін тағы да үлкен мүмкіндіктер ашады.
Әулие-Ата халықаралық әуежайы - Еуропа, Орта Азия және Оңтүстік-Шығыс Азия елдері арасындағы авиациялық қатынастардың ең жақын тораптарының бірі.
«Өзінің техникалық сипаттамалары бойынша, әуеайлақтық техниканың болуы және өз қызметкерлерінің біліктілігі бойынша Тараз қаласының әуежайы барлық түрдегі көлік ұшақтарын қабылдай алады, бүгінгі таңда бұл ҚР жүк инфрақұрылымын қарқынды дамыту мәселесі өзекті болып отыр», - деп атап өтті Әулие-Ата халықаралық әуежайы басқармасының төрағасы Дәулет Хамзин.
 
 

 

 

 

 

 

 

 

1313