ruenkz

Wizz Air лоукостері Молдовада қанатын кеңінен жаюда

Салынған уақыты 07.08.2019 10:40

«Еуропаның ең ірі лоукостерлерінің бірі –  Wizz Air – бұрынғы социалистік блок елдерінде өз қатысуын ұлғайтуды жалғастыруда. Венгриялық бюджеттік авиакомпания әуе кемелері паркін ұлғайту және Молдова астанасынан бірқатар жаңа маршруттарды ашу бойынша жоспарлары бар екендігін мәлімдеді» деп хабарлайды Ato.ru порталы. 2020 жылы Кишиневтен ұшатын рейстерде тасымалдаушы 1 млн астам креслоны сатуға шығаруды жоспарлап отыр.
Кишинев халықаралық әуежайындағы Wizz Air әуе паркі тағы бір Airbus A320-бен толығып, осылайша үш ұшаққа дейін көбеймек. Әуе кемесі 2019 жылғы желтоқсанда пайдалануға беріледі, бұл бюджеттік авиакомпанияға жаңа төрт бағытты қосып, маршруттық картаны кеңейтуге, сондай-ақ орындалатын бағыттардағы ұшу жиілігін арттыруға мүмкіндік береді.
Еуроодақпен жасалған Әуе кеңістігін ырықтандыру туралы (ЕО) келісім (2012 жылы қол қойылды), содан кейін ЕО елдерімен визасыз режимді енгізу (2014 жылы) ағымдағы онжылдықта Молдовада жолаушылар ағыны өсуінің маңызды стимулы болды. Молдова Республикасы еуропалық туристер үшін ең танымал бағыттардың бірі болуына қарамастан, бұл ел өзінің Еуропа бағытындағы өз трафигін дамытуға күшін салатын болады. Бұдан басқа, 2015 жылы Украина мен Ресей арасындағы әуе қатынасын тоқтату Молдованың басты авиаторабында транзиттік жолаушылар санын арттыруға мүмкіндік берді.
Венгрлік лоукостер Еуропада да, бұрынғы КСРО елдерінде де бюджеттік тасымалдар нарығына ену саясатын белсенді жүргізуде. Wizz Air Балтық жағалауы елдеріне, Ресейге, Грузияға, Молдовқа, Әзірбайжанға, Украинаға, сондай-ақ Қазақстанға ұшады.
 

1258