ruenkz

Boeing дағдарысы аясында пайданың екі есе өсуі туралы Airbus есеп берді

Салынған уақыты 02.08.2019 09:34

Еуропалық Airbus әуе құрылысы концерні 2019 жылдың бірінші жартысында пайданың айтарлықтау өсуі туралы есеп берді.
Корпорацияның баспасөз релизінде айтылғандай, 2019 жылы алғашқы алты айда барлық бөлімшелердің табысы 2018 жылдың бірінші жартыжылдығындағы пайдадан екі есе артық болды.
2019 жылы қаңтар айынан бастап маусым айына дейін корпорация 2,53 млрд еуро пайда тапты. 2018 жылдың бірінші жартыжылдығында жартыжылдық пайда 1,16 млрд еуроны құрады.
Бұл ретте азаматтық авиация бөлімшесінің осы кезеңде өсуі одан да көп болды: 2019 жылы 0,87 млн еуродан 2,34 млрд еуроға дейін.
Airbus бұны A320 тобы ұшақтары өндірісінің ұлғаюымен, сондай-ақ A350 бағдарламасының жетістіктерімен және қолайлы валюта бағамымен түсіндіреді. Бұған қоса, А320  тобы ұшақтарының жалпы санында (294 бірлік) соңғы буын NEO лайнерлерінің үлесі 234 дана болды.
Airbus коммерциялық ұшақтарға тапсырыстың таза көлемі 88 бірлікті құрағанын, ал 2018 жылдың бірінші жартыжылдығында ол 206 ұшақ болғанын хабарлады. Жалпы тапсырыс қоржыны 30 маусымдағы жағдай бойынша 7276 әуе кемесін құрады.
Еуропалық авиақұрылыс алыбының жетістіктері оның басты бәсекелесі - америкалық Boeing корпорациясында болған дағдарыс аясында орын алуда.
Оның негізгі себебі олардың қатысуымен болған әуе апаттарынан кейін соңғы үлгідегі 737 Мах лайнерлерін пайдалануға тыйым салу болды. 2019 жылдың екінші тоқсанындағы есептерге сәйкес, Boeing рекордтық шығынға ұшырап, 4,9 млрд доллар шығынға батты.
500-ден астам жаңа Boeing 737 MAX ұшақтарының ұшуына бүкіл әлем бойынша тыйым салынды. Бұл санға сатып алушыларға жеткізілугі тиіс 150 жаңа машина да кіреді.

1283