ruenkz

«Қазаэронавигация» РМК Қостанай филиалында Құжаттама жасау және құжаттаманы басқару қағидалары жөнінде ішкі семинар өтті

Салынған уақыты 26.07.2019 09:13

Қызметтік құжаттарды ресімдеу тәртібін түсіндіру мақсатында «Қазаэронавигация» РМК Қостанай филиалында мамандар үшін «Қазаэронавигация» РМК құжаттама жасау және құжаттаманы басқару қағидалары» тақырыбында ішкі семинар өтті.
Семинарға қатысушылар алдында Қостанай филиалының директоры А.С. Төленов құттықтау сөз сөйледі. Ол құжаттама жасау және құжаттаманы басқару қағидалары филиал қызметінде маңызды рөл атқаратыны, қызметкерлердің қызметтік құжаттарды білу, оларды дұрыс жасай білу қажеттігі туралы баса айтты.
Әкімшілік және кадрлық жұмыс департаментінің құжаттық ілестірме және архив бөлімінің бастығы Р. Балғожин кіріс хат-хабарларды қабылдау, ресімдеу және тіркеу тәртібін, құжаттардың орындалуын бақылау, бұйрықтар мен анықтамаларды дайындау және ресімдеу, сондай-ақ шығыс хат-хабарларды жіберу тәртібін түсіндірді.
Сонымен қатар, семинарда Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы заңнамасын бұзғаны үшін негізгі талаптар мен жауапкершілік талқыланды.
Семинар барысында құрылымдық бөлімшелердің ағымдағы қызметінде туындайтын ісқағаздарын жүргізудің проблемалық мәселелері талқыланды. Семинарға қатысушылар ісқағаздарын жүргізудің нормативтік құқықтық базасымен, құжаттау тәртібімен, құжаттарды мемлекеттік тілде дайындау ерекшеліктерімен байланысты мәселелерді белсенді талқылады. 
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 қазандағы №703 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларындағы өзгерістерге ерекше назар аударылды.

 

1328