ruenkz

Литва мен Польшада жаңа үлкен әуежайлар салынады

Салынған уақыты 23.07.2019 15:32

Жақында Литва мен Польшада жаңа әуежайлар құрылысының жоспары жарияланды, деп хабарлайды Business Insider. Польша үкіметі авиахаб тұжырымдамасын таңдауда, ал Литва әуе айлағын салу үшін орын мен инвесторларды іздеуде.
Литваға және Польшаға туристер ағынының жыл сайын ұлғаюына байланысты екі мемлекеттің Үкіметтері әлемдегі ірі әуежайлардың қатарына кіретін әуежайларды салу туралы шешім қабылдады. Польшаның болашақ әуежайының 6 дизайнерлік тұжырымдамасы дайын. Сингапур авиахабындағы сияқты терминалдарда бақтар отырғызу жоспарланып отыр.  Бұдан басқа, теміржол көлігі жолаушыларды терминал ғимаратына тікелей апарады.
Литва әзірге инвесторлар іздеуде. 2021 жылға дейін жаңа авиахабтың қажеттілігі туралы мәселе шешілетін болады деп болжануда. Алайда, Литваның Көлік және коммуникация министрі Рокас Масюлис трафиктің өсуі ерте ме, кеш пе, үлкен және ыңғайлы әуеайлағының құрылысына алып келеді деп мәлімдеді. Жаңа әуежай Вильнюс пен Литваның Каунас қаласының толып кеткен әуежайларында қозғалысты азайтады. Авиахаб осы екі қала арасында салынады деп болжануда.
 

1324