ruenkz

Нұр-Сұлтаннан Шанхай және Үрімші қалаларына жаңа рейстер ашылады

Салынған уақыты 22.07.2019 15:03

Қазақстанның Азаматтық авиация комитеті мен Нұр-Сұлтан әкімдігі Қытайдың ірі авиакомпанияларының бірі – China Eastern Airlines, сондай-ақ Urumqi Airlines Қытай бюджеттік авиакомпаниясымен Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Құжатқа Routes Silk Road-2019 авиакомпаниялары мен әуежайларының халықаралық форумында қол қойылды деп хабарлайды Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі.
Меморандумдар Қытай аумағындағы пункттерден Нұр-Сұлтанға тікелей рейстер ашу мүмкіндігін қарастырады. Атап айтқанда, 2020 жылдың бірінші тоқсанында Нұр-Сұлтан – Шанхай рейсін ашу жоспарлануда. Осы бағыт бойынша ұшуды қазақстандық авиакомпаниялар да орындайды.
«Азаматтық авиация комитеті Routes Silk Road-2019 форумы аясында жаңа халықаралық авиамаршруттарды ашу бойынша белсенді жұмыс жалғастыратын болады, бұл өз кезегінде Нұр-Сұлтанды Еуразияның орталығындағы көліктік-логистикалық хаб ретінде одан әрі дамытуға ықпал етеді»,-делінген ААК хабарламасында.

1295