Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясының авиациялық қауiпсiздiгi жөнiндегi жыл сайынғы республикалық кеңес
Салынған уақыты 06.02.2025 11:13
2025 жылғы 04 ақпанда Қазақстанның Авиациялық әкімшілігінде ҚР азаматтық авиациясының авиациялық қауіпсіздігі бойынша жыл сайынғы республикалық кеңес өтті, оған ҚР КМ ААК, құқық қорғау және арнайы органдардың өкілдері, әуежайлардың, авиакомпаниялардың және «Қазаэронавигация» РМК авиациялық қауіпсіздік қызметтерінің басшылары қатысты.
Кеңесте 2024 жылы авиациялық қауіпсіздік бойынша атқарылған жұмыс қорытындыланды және 2025 жылға арналған жоспарлар, авиациялық қауіпсіздік бойынша ИКАО-ның алдағы аудитіне дайындық, АҚ бойынша қадағалау бағдарламасын дайындау кезінде тәуекелдерді бағалау тетігін енгізу мәселелері талқыланды, № 1083 және № 322 салалық бұйрықтарға жаңа өзгерістер бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді (АҚ бойынша даярлау және қайта даярлау бағдарламасы, ҚР АА ұйымдарының АҚҚ басшылары мен мамандары лауазымдарының тізбесі, сондай-ақ осындай лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптары).
Әуежайлар мен авиакомпаниялардың, оның ішінде «Қазаэронавигация» РМК АҚҚ басшылары 2024 жылы авиациялық қауіпсіздік бойынша атқарылған жұмыс және 2025 жылға арналған жоспарлар туралы баяндама жасады.
Жұмыс қорытындылары бойынша саланың авиациялық қауіпсіздік қызметінің үздік қызметкерлерін марапаттау рәсімі өтті.
Салтанатты шара елімізде ағымдағы жылдың 1 ақпанында атап өтілетін кәсіби мереке - Қазақстан Республикасының азаматтық авиация қызметкерлері күні аясында өтті.
1247