ruenkz

Қазаэронавигация мен DFS Aviation Services ынтымақтастығы

Салынған уақыты 06.12.2024 18:32

«Қазаэронавигация» РМК орталық аппаратында DFS Aviation Services өкілдерімен жұмыс кездесуі өтті. Кездесуге қатысушылар авиация персоналын кәсіби даярлау саласындағы ынтымақтастық, «ҚР әуе қозғалысын басқарудың резервтік жүйесі» жобасын іске асыру мәселелерін, сондай-ақ PHOENIX жабдығын ағымдағы пайдалану мәселелерін және бірлескен жұмыстың басқа да перспективаларын талқылады.

Phoenix жүйесі қазіргі уақытта Қазаэронавигацияның тоғыз диспетчерлік мұнарасында, Қазақстан әуежайларында ӘҚБ резервтік жүйесі ретінде жұмыс істеуде.

Айта кететіні, Қазақстан мен Германияның авиациялық персоналды кәсіби даярлау саласындағы ынтымақтастығы жаңа деңгейге көтерілуде. Ағымдағы жылдың желтоқсан айында тараптардың келісіміне сәйкес, DFS авиациялық оқу орталығына алғаш рет диспетчерлердің алғашқы даярлығынан өту үшін қазақстандық білім алушылар тобы жіберілетін болады. Сондай-ақ, 2025 жылы Қазаэронавигацияда жұмыс істейтін 48 ӘҚҚ  диспетчеріне арналған «Радиолокациялық векторлау және жылдамдықты басқару» тақырыбында кәсіби даярлау курстарын ұйымдастыру және бастапқы даярлау курстарында әуе қозғалысына қызмет көрсету диспетчерлерінің бір тобын даярлау жоспарлануда.

Осы орайда, DFS Group құрамына кіретін DFS Aviation Services Германияның аэронавигациялық қызмет көрсету саласындағы әлемдік көшбасшысы және қызмет көрсетушісі болып табылатынын атап өткен жөн.

179