Алдағы 20 жылда азаматтық авиация нарығының көлемі $ 16 трлн жетеді
Салынған уақыты 27.06.2019 08:33
Ле-Бурже авиасалоны шеңберінде жарияланған Boeing америкалық авиаконцернінің жаңаланған болжамында әлем бойынша авиакомпанияларға алдағы 20 жылда жалпы құны 6,8 трлн доллар тұратын 44 мың жаңа ұшақ қажет етілетіндігі айтылған деп жазды Интерфакс-Қазақстан.
Бұдан басқа, азаматтық ұшақтардың жаһандық паркіне жалпы сомасы 9,1 трлн доллар болатын сервистер талап етіледі, бұл авиацияның азаматтық сегментін 2038 жылдың соңына дейін 16 трлн доллар көлемінде жиынтық бағалауды көздейді, делінген Boeing баспасөз парағында.
Жаңа ұшақтар мен пайдалануда қалатын ұшақтарды ескере отырып, азаматтық ұшақтардың жаһандық паркінде 2038 жылдың соңына дейін 50,66 мың бірлік болады. Ұшақтардың болжамды саны алғаш рет 50 мыңнан асты.
Нарықтың ең ірі сегменті тар фюзеляжды ұшақтар болып қалады - ұшақтардың осы түрінің жаңа жеткізілімдері таяудағы 20 жылда 32,42 мың бірлікті құрайды деп күтілуде.
Bloomberg бағалауы бойынша ТМД елдерінде алдағы 20 жыл ішінде жалпы сомасы 270 млрд доллар болатын 1,28 мың жаңа ұшақ қажет болады. Азаматтық әуе кемелері паркінің өсуіне байланысты авиакомпанияларға ұшу және техникалық персоналдың көп келуі талап етіледі. Болжамға сәйкес, азаматтық авиация саласы 2038 жылдың соңына дейін 2,5 млн жаңа маман қажет болады.
1344