ruenkz

Халықаралық кеңес: "Авиациялық метеорологияны дамыту перспективалары"

Салынған уақыты 25.11.2024 17:45

2024 жылғы 25-27 қараша аралығында Астана қаласында ДМҰ ТМД ГМК ЖТ-4 және PT/EAST/17 ICAO жұмыс топтарының (Гидрометеорология жөніндегі халықаралық кеңестің «Азаматтық авиацияны метеорологиялық қамтамасыз ету» жұмыс тобы (ТМД ГМК ЖТ-4) және Орталық Азиямен қоса , Шығыс Еуропа елдерінде ИКАО стандарттары мен ұсынатын тәжірибесін енгізу жөніндегі жобалау тобының (PT/EAST METG ICAO) кезекті бірлескен кеңесі өтті.


Іс-шараны ұйымдастырушы «Қазаэронавигация» РМК болып табылады. «Қазаэронавигация» РМК бас директорының бірінші орынбасары Фаат Фаритович Богдашкин өз сөзінде «Қазақстан аталған кеңестің қонақтарын үшінші рет қарсы алуда. Бұған дейін кеңес Қазақстан аумағында 2011 және 2018 жылдары өткізілген болатын. Бұл іс-шара 2019 жылдан бергі алғашқы офлайн-кездесу болып отыр", - деп атап өтті. 


ИКАО Еуропалық бюросының өңірлік офицері Нино Геловани METG34 отырысының (2024 жылғы қыркүйекте Париж қаласындағы ИКАО кеңсесінде өткен ) туралы ақпаратты мәлімдеді.
Кеңес жұмысына 50-ден астам авиациялық метеорология саласындағы мамандар, ғылыми қызметкерлер, Армения, Әзірбайжан, Беларусь, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Өзбекстан және Тәджікстан елдерінің аэронавигация өкілдері қатысуда.


Кеңес барысында өңірдегі авиациялық метеорологияны дамыту перспективалары шеңберінде 30-дан астам баяндама мен хабарламалар ұсынылады. «Austria control» өкілі, DMG (Date Management Group) төрағасының орынбасары Майкл Пичлер кеңеске қатысушылармен ақпаратты басқару, өңдеу бойынша мониторинг нәтижелерімен бөлісті және SWIM енгізу үшін ОРМЕТ деректерімен жұмыс бойынша шешімді ұсынды.
Сондай-ақ, PT/EAST METG EANPG ICAO жұмыс тобының жаңа төрағасы болып Мақсат Тундебаев (Қазақстан) сайланды.

371