Boeing мамыр айында ұшақтар жеткізуді 56%-ға азайтты
Салынған уақыты 25.06.2019 10:13
Америкалық Boeing авиақұрылыс корпорациясы мамыр айында ұшақтарды жеткізуді 56%-ға, 2018 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 30 әуе кемесіне дейін азайтты, деп хабарлайды ato.ru сайты.
Бұған дейін американдық өндіруші соңғы айлары бірде-бір жаңа тапсырыс келіп түспеген Boeing 737MAX үлгісінің проблемаларын ескермегендіктен 2019 жылға арналған қаржылық болжамды кері қайтаратынын жариялады. Осы үлгідегі ұшақтарды пайдалану және жеткізу наурыз айынан бастап тоқтатылды.
Мамыр айының соңында Boeing 737MAX үшін бағдарламалық қамтылымды жаңартуды аяқтап, ұшқыштарды даярлау жүйесінде әуе кемесінің осы түрін басқару бойынша өзгерістер дайындады. Қазіргі уақытта олар АҚШ және басқа да елдердің әуе күштерінің қарауына ұсынылған. Олар бұл ұшақтарды пайдалануды қашан жалғастыруға болатынын шешулері тиіс.
Жылдың алғашқы төрт айының қорытындысы бойынша Boeing ұшақтарын жеткізу172 әуе кемесін құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 24,6%-ға аз.
Салыстыру үшін: Boeing корпорациясының басты бәсекелесі еуропалық өндіруші Airbus мамыр айында 81 әуе кемесін жеткізді, бұл өткен жылға қарағанда 59%-ға көп, сондай-ақ тапсырыс берушілерге 313 әуе кемесін тапсырып, жұмыстың бес айының қорытындысы бойынша жеткізілімдерді 40%-ға ұлғайтты
1341