ruenkz

FlyArystan билеттері бес ай бұрын сатылып кетіп жатыр

Салынған уақыты 20.06.2019 20:40

Алғашқы қазақстандық лоукостер ел ішінде бірінші айда 6 бағыт бойынша ұшуының қорытындысын жасады. Бүгінгі таңда 2019 жылдың 26 қазанына дейін 125 мыңнан астам билет сатылды, бұл туралы FlyArystan баспасөз қызметі хабарлады.

Тасымалдаушы маршруттық желіні кеңейтуді жалғастыруда: 30 мамырдан бастап Алматы-Павлодар, сондай -ақ Алматы – Шымкент бағыттары бойынша ұшу басталды.

2019 жылы лоукостер 700 мың адамды тасымалдауды жоспарлап отыр, бұл көрсеткіштің басым үлесі бұрын авиакөлік қызметін пайдаланбаған жолаушыларға тиесілі болады деп күтілуде.

Мұндай нәтижеге тасымалдаушы ӘК флотын көбейтудің арқасында қол жеткізбекші.  Жыл соңына қарай Fly Arystan орташа жасы  - 6 жыл, 180 орындық төрт Airbus A320-200 ұшағын пайдалануды көздеп отыр.

1327