ICAO және IATA әуедегі тәртіп бұзушылармен күрес бойынша жаңа нұсқаулықты ұсынды
Салынған уақыты 20.06.2019 20:39
Халықаралық Азаматтық авиация ұйымы (ICAO) мен Халықаралық әуе көлігі қауымдастығы (IATA) әуе кемесінің бортында тәртіп бұзушылармен күрес жөніндегі жаңа құқықтық нұсқаулықты жариялады, деп хабарлайды ato.ru ресурсы.
ICAO (Doc 10117) ұшақ бортындағы тәртіп бұзушылардың іс-әрекетіне қарсы іс-қимыл қолдану жөніндегі жаңа нұсқаулығы Әуе кемелерінің бортында жасалатын қылмыстар мен кейбір басқа да заңға қайшы актілер туралы конвенцияға түзетулер енгізу туралы хаттаманы (Монреаль хаттамасы, 2014 жыл) қабылдаудың нәтижесі болып табылады.
Ұшақ бортындағы жолаушылардың жөнсіз мінез-құлқына байланысты оқиғалар саны соңғы жылдары күрт өскенін айта кету керек. Тәртіп бұзудың негізгі себебі – ішімдікке мас болу. Кейбір авиакомпаниялар осының алдын алу шарасы ретінде әуежайларға жолаушы сатып алатын қолжетімді ішімдік санын шектеуді ұсынды.
«Қауіпсіздікті күшейту – үкімет пен авиакомпаниялардың ортақ мақсаты. Рейстерде басқаруға көнбейтін іс-әрекетті тоқтату осы міндетті шешудің кілті болып табылады», - деді IATA басшысы Александр де Жюньяк.
Халықаралық әуе көлігі қауымдастығында ICAO-ның жаңа нұсқаулығы үкіметтерге өздерінің ұлттық заңнамасына сәйкес әуедегі тәртіп бұзушымен күрес барысында көмектесуге арналғанын және осындай оқыс оқиғаларды болдырмау және оларды реттеу бойынша практикалық шараларды қамтитынын атап өтті. Әңгіме, сондай-ақ, осындай жолаушыларға құқық бұзушылық жасалған жерде айыппұл салу мүмкіндігі туралы да болып отыр.
1361